Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды
«Қазгидромет» РМК 8-10 қараша аралығында елімізде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронттар жаңа жұмыс аптасының басында ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды. Алдағы күндері жауын-шашынды болады, елдің басым бөлігінде қар жауады», - дейді синоптиктер.
Тек оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде, 8 қарашада шығыстың жекелеген аудандарында, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктерінде жауын-шашын болады.
Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады.
Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.