Сеулде Хэллоуин құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Автор: Azattyq Rýhy
фото: rus.postimees.ee

Сеулде ондаған мың адамның қатысуымен Хэллоуин құрбандарын еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олардың кейбірі қолдарына қаза болған жастардың есімі жазылған платкат ұстап келді.

Естеріңізге саламыз, 30 қазанға қараған түні болған оқиға салдарынан 156 адам қаза тауып, 30-дан астамы ауыр жарақат алған.

Хэллоуин мерекесін тойлау кезіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Оңтүстік Кореяда алтыкүндік қаралы күн жарияланған болатын.