05.11.2022, 10:41
Жаңалықтар
Алматы облысында 100 келіден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді
Күдіктілер қамауға алынды
Фото: Т.me/POLICE_of_KZ
Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды