05.11.2022, 10:06
Жаңалықтар
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды
фото: primeminister.kz
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды