Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, кей өңірде қар жаууы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен тұрақсыз ауа-райыны сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады, солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 

Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. жетеді Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз +4+6 болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз +11+13 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз +13+15 болады.