Елордалық жүргізуші автобус салонында кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады

Автор: Azattyq Rýhy

Сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырды

Фото ашық дереккөзден

Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«3 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған К.-ны зорлау фактісі бойынша А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды», - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдары бойынша А. № 1 автопарктің жүргізушісі автобус салонында дәрменсіз жағдайдағы кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ны зорлады.

Сотта А.-ның кінәсі дәлелденді:

  • сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның негізгі айғақтарымен, соттағы айғақтармен,
  • жәбірленуші өтірік пен қиялға бейім емес екенін көрсететін психиатр-психолог сарапшыларының қорытындысымен, заңды өкіл К., сараптама қорытындысымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, куәгерлердің айғақтарымен.

Сот отырысында прокурор А.-ны кінәлі деп тануды және оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Кінәлі тарап ақтауды сұрады.

«А.-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды сот қараған жоқ. Сот үкімімен А. ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша осы бап бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыруға, өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыруға, жазасын ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеуге сотталды», - деп хабарлады сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.