Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынды болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: damion.club

Синоптиктер 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде аяз болады. Оңтүстіктен соққан жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -0-2, күндіз +3+5 болады.

Алматыда күн бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5+7, күндіз +10+12 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз +14+16 градус болады.