Астанада 14 жасар қыз 19-шы қабаттан секіріп, қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Астанада 14 жасар қыз 19-шы қабаттан секіріп, қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен. Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған.

Тексеру барысында бұл факті расталды.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол - 19-шы қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.