Tetra Tech компаниясы шұғыл түрде украиндарды оқ-дәрілерді тауып, залалсыздандыруға үйретуді бастайды
АҚШ Мемлекеттік департаменті миналардан тазарту жобасы аясында Украинаға шұғыл гуманитарлық көмек көрсететін Tetra Tech компаниясына 47,6 миллион доллар бөлді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Компания украиндықтарды жаяу әскерге қарсы миналарды, жарылмаған және тасталған оқ-дәрілерді, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды және басқа да жарылғыш заттарды табуға және залалсыздандыруға үйретеді.
Жобада Украина саперлар қауымдастығы жергілікті үкіметтік емес ұйымымен саперлар топтарын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық қарастырылған.
«Украина үкіметі аумағының 160 мың шаршы метрі ластанған болуы мүмкін деп есептейді. Бұл Вирджиния, Мэриленд және Коннектикут штаттарын қосқандағыдай болады», - деді Мемлекеттік департамент.
Жоба Украинаға минадан тазарту үшін 91,5 миллион доллар бөлуді қарастырады. Вашингтон оны келесі жылдың ішінде Киевке толығымен береді.