Мешіт төбесіне қызыл ту көтерді: Иран қай елге соғыс жарияламақ

Автор: Azattyq Rýhy

Қызыл жалау соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген болатын

Иран Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Болжам бойынша, бұл тудың көтерілуі соғыс жарияланды деген ұстанымды білдіреді.

Иран алдағы 48 сағат ішінде Сауд Арабиясына және Күрдістанға шабуыл жасауы мүмкін, деп жазады Aquila Telegram арнасы Сауд Арабиясының барлау қызметіне сілтеме жасап.

Корольдік АҚШ-тың барлау күштерінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, Иранның шабуыл жасауы туралы ескерту алғанын мәлім етті.

Кек алу деген мағынаны білдіретін қызыл жалау соңғы рет екі жыл бұрын Касем Сүлеймани өлтірілгеннен кейін көтерілген болатын.

Айта кетсек, бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде шерулер ұйымдастырды деп айыптаған болатын.