Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге сәйкес полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үстіміздегі жылдың 27 қазанында Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалған.

Оның айтуынша, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.