Ауғанстандағы Талибан әйелдерді полицияға қызметке ала бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Сарапшылардың пікірінше, әйел полицейлер митингілерді таратуға қатысады

Фото ашық дереккөзден

Талибан әйелдерді Ауғанстанның Ұлттық полициясына қызметке ала бастады, деп хабарлайды Bakhtar news.

«Қажетті дайындықтан өткеннен кейін бірнеше әйел полиция қызметкерлері қоғамға қызмет ету үшін полицияға қосылды», - деп жазады агенттік.

Жаңа полицейлердің нақты саны ресми түрде айтылмайды, өйткені әйелдер бөлімшесі нақты не істейтіні ашылмаған.

Сарапшылардың мәліметтері бойынша, әйел полицейлер наразылықтарға қарсы тұру үшін қолданылады.

«Бұл наразылықтар мен әйелдер жиналыстарының алдын алу үшін  «Талибан» тактикасының бірі. «Талибан» мұны әйелдерге қатысты қатыгездікке реакцияны бақылауда ұстау үшін жасайды», – деді әйелдер құқығын қорғаушы Мұхадиса Амин.