Мейрам Қажыкен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды
ҚР Президенттігіне кандидат аймақтың және мұражайдың даму тарихы туралы танысты

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанайға келді. М. Қажыкенді вокзалда өңірлік штаб өкілдері мен еріктілер қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үміткер өз сапарын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бастады. Мұнда қызметкерлер М.Қажыкенге аймақтың және мұражайдың даму тарихы туралы айтып берді.
Мейрам Қажыкен тарихи-мәдени ағарту орнының маңыздылығына тоқталып өтті. Мұражай қызметкерлері әсіресе жастар мен болашақ ұрпақ үшін өте маңызды жұмысты атқарудасыздар, деді үміткер.
«Мен еңбек адамының мүдделерін қорғайтын ұйымдар – кәсіподақтар атынан ұсынылдым. Сіздер де де еңбек адамысыздар. Сондықтан мен сіздердің де мүдделеріңізді де қорғайтын боламын», - деді М. Қажыкен мұражай қызметкерлеріне.