Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде сайлауалды бағдарламасы талқыланғанын мәлім етті

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сайлауалды науқан бойынша қаладан тыс алғашқы сапарымды Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылынан бастап, осы елді мекендердегi сайлаушылармен кездестім.

Екі мекеннің тарихы да, тағдыры да ұқсас. Екеуі де қала маңындағы шағын кенттен үлкен елді мекенге айналған. Қазір жергілікті халық саны да біршама артқан. Сәйкесінше, түйткілді мәселелері Қазақстанның осындай агломерацияларының мәселелеріне ұқсас», - дейді Қарақат Әбден.

Ол сөз арасында сайлауалды бағдарламасы талқыланғанын мәлім етті.

«Үлкендер жағы тілекші болып, замандастарым болса, нақты сұрақтар қойып, бағдарламамның жай-жапсарын сұрап білді.

Бұл сапардан жақсы әсермен қайттым. Ағалар мен апалардың айтқан тілегі қабыл болып, ел аман, жұрт тыныш болсын!

Бүгін жүздескен жұрт 20 қараша күні бүкіл елмен бірге таңдау жасайды деп сенемін! Ісіңіз оң болсын, ағайын!» - деп жазды кандидат Facebook парақшасында.