COVID-19 инфекциясын жұқтырған 812 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 24 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
1 қарашадағы мәлімет бойынша, 812 адам коронавирус инфекциясынан (–668+ және 144 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 74 пациент стационарда, 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.