Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 1 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап көтеріліп, 468,35 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валютаның ресми бағамы 467 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы аздап төмендеп, 7,6 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 467,5 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 467 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 468,35 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 465,73 (еуро)
RUB / KZT – 7,6 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,16 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 64,18 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,63 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,2 (өзбек сомы).