Республика бойынша тұман түсіп, жел соғады
Синоптиктер 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстіктен жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз +5+7 болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз +13+15 болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз +17+19 болады.