Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сол сияқты Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Сол сияқты Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.