Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Azattyq Rýhy

Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адам қаза тапты

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Sputnik

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге  Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны  туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына  және үкіметіне  көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.