Оқиға сағат түнгі 01.00 шамасында болған
Қарағанды облысы Саран қаласы патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қуандық Жұмағалиев пен инспектор Ұлан Молдабаев күнделікті кезекшілікке қызметке түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сағат түнгі 01.00 шамасында полицейлерге кезекші бөлімнен 1А ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің дәлізінде белгісіз азаматтың шулап жатқаны туралы хабарлама түскен», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, сол күні ол ішімдік ішкен күйде жолдасымен ренжісіп, соңында өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Дәрігерлердің айтуынша, егер полиция қызметкерлері бірер минутқа кешіккенде, азаматты ажалдан алып қалу мүмкін болмас еді.