Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 830 адам емделіп жатыр

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 1 адам КВИ пенвмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

31 қазандағы мәлімет бойынша, 830 адам коронавирус инфекциясынан (–681+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 77 пациент стационарда, 753 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.