Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында белгісіз ер адамның көлік ішінде тапанша ұстап отырған видеосы пайда болды. Алматы қаласының полициясы аталған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен 1997 жылы туған азамат ұсталды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - делінген Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полициядағылар бірқатар тергеу әрекеттерінен кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданатынын да жеткізді.