Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде қазақстандық студент қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Корея Республикасының Жоғары оқу орындарының бірінде оқиды екен

Фото ашық дереккөзден

Сеулдегі қайғылы оқиға кезінде қазақстандық студент қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе облысының тумасы болған. Ол Корея Республикасының Жоғары оқу орындарының бірінде оқиды екен.

Қазақстан СІМ дипломаттар қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста екенін, құжаттарды ресімдеуде және мәйітті Қазақстанға одан әрі жөнелтуде барлық қажетті көмек көрсететінін мәлім етті.