2,5 айдан кейін экс-шенеунікке 66 млн теңге айыппұл салынды
Төрт жылдың орнына екі жарым ай. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Қаржы вице-министрі үкімнен 81 күн өткен соң бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Еркебаев 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Сот оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бірақ 2,5 айдан кейін бұрынғы шенеунікке 66 млн теңге айыппұл салынды. Тиісті қаулыны елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарды.