Оның ішінде 4 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда 29 қазандағы мәлімет бойынша, 794 адам коронавирус инфекциясынан (–653+ және 141 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сондай-ақ бүгінгі 10 842 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 215 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 604 887.