Негізгі мақсат – автомобильдерден CO2 шығарындыларын 100% -ға азайту
Еуропалық заң шығарушылар 2035 жылға қарай ЕО аумағында іштен жанатын қозғалтқыштары бар жаңа жеңіл автомобильдер мен шағын автобустарды сатуды біртіндеп тоқтату туралы келісімге келді.
Еуропалық Парламент пен Еуропалық кеңес өкілдері арасындағы келісімге 27 қазан күні кешке қол жеткізілді және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын кем дегенде 55% төмендетуге бағытталған «fit for 55» пакеті аясында қабылданған алғашқы келісімді білдіреді.
Жаңа заңнама 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай жаңа жеңіл автомобильдер үшін CO2 шығарындыларын 55% - ға және шағын жүк (фургондар) үшін 50% - ға азайтуды көздейді. Негізгі мақсат – 2035 жылға қарай автомобильдерден CO2 шығарындыларын 100% - ға азайту, яғни іштен жанатын қозғалтқыштары бар жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салу.
Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметі бойынша, жол көлігі ЕО-дағы барлық парниктік газдар шығарындылары ЕО-да қолданылатын мұнайдың үштен екісіне жуығын құрайды.
«Алға қойған мақсаттар арқылы біз автомобиль өнеркәсібі үшін айқындық жасаймыз және автоөндірушілер үшін инновациялар мен инвестицияларды ынталандырамыз. Сонымен қатар, нөлдік шығарындылары бар көліктерді сатып алу және жүргізу тұтынушылар үшін арзанырақ болады», - деді осы мәселе бойынша Еуропалық Парламенттің баяндамашысы, голландиялық депутат Ян Хуйтема.