Қазір полиция есірткінің қай жақтан жеткізілгенін анықтауда
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция қызметкерлері Түркістан облысының 24 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі салынған бумаларды тәркіледі.
«Қаланың Алмалы ауданының аумағын патрульдеу кезінде «Буран-060» патрульдік экипажы сөмке ұстаған жас қызды байқады, ол полиция көлігін көріп, қатты қобалжыды және жасырынбақ болды. Сөмкенің ішіндегісін тексеру кезінде 18 дана көлеміндегі қара колбалар мен сары түсті 5 бума табылды. Ұсталған адам – 1998 жылы туған С.есімді азаматша, есірткіні заңсыз сақтағанын және өткізгенін бірден мойындады. Мәселе мефедрон туралы болып отыр. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің командирі, полиция полковнигі Бауыржан Хантеміров.
Қылмыстық іс Алмалы ауданының полиция Басқармасында ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.