Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алды

Автор: Azattyq Rýhy

25 сәуірде Twitter Масктың ұсынысын қабылдаған болатын

Фото ашық дереккөзден

Twitter бас директоры Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал компанияның Сан-Францискодағы бас кеңсесінен кетті және олар қайтып оралмайды, деп хабарлады Azattyq Ruhy Interfax-қа сілтеме жасап.

25 сәуірде Twitter Масктың 44 миллиард долларлық ұсынысын қабылдады.

Дегенмен, мамыр айының ортасында кәсіпкер Twitter әлеуметтік желісіндегі жалған аккаунттардың үлесіне қатысты жағдайды түсіндірмейінше, келісім болмайтынын айтты.

Маусым айында Маск компанияның оған деректерді беруден бас тартуына байланысты мәмілені тоқтататынын хабарлады.

Twitter өкілі компания келісімшарттарына сәйкес мәмілені жабу үшін Илон Маскпен ақпарат алмасуды жалғастырып жатқанын айтты. Нәтижесінде келісім жүзеге асып, америкалық миллиардер компанияны сатып алды.