Екі адамның жанжалы кісі өлімімен аяқталды
Батыс Қазақстаның Чапаев ауылында ер адам ауылдасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 51 жастағы ер адам мен 26 жастағы жігіттің арасында жанжал болған. Сол кезде ауылдасы жас жігіттің жүрегіне пышақ сұғып алған.
«Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.