Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Талдықорғандағы саяжай алқаптарының бірінің шетінде өңірдің полицейлері ҰҚКД жедел уәкілдерімен бірлесіп ірі қару қоймасын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнында «Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрондар, 13 гильз, кісен және кабур тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қару сараптамаға жіберілді», - деп көрсетті Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.