14-қарашаға дейін өтінімдер қабылданады
Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады. 1- орынға 500 000 теңге, 2- орынға 350 000 теңге, ал 3- орынға 250 000 теңге беріледі.
Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне сканерленген неке туралы куәлік, сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі, байланыс мәліметтері, Instagram аккаунты және «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик жолдау керек.