Ұлттық тасымалдаушы билет құнына қатысты дифференциальды тәсілдің күші жойылғанын хабарлады
Қазақстанда пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттамайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды», - деп көрсетті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Бұңан дейін ұлттық тасымалдаушы 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындар 20 пайызға арзандайтыны хабарланған болатын.