Ол «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына биылғы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын
«Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«26 қазанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша Банктен кету туралы шешім қабылдаған Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты» делінген хабарламада.