Круиз лайнерінде бір күнде тағы 70 адамнан коронавирус шықты
Йокогама портында карантинде тұрған «Diamond Princess» круиз лайнерінде коронавирусқа шалдыққандар саны 355-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Круиз лайнерінде бір күнде 70 адамнан коронавирус шықты. Ауруға шалдыққандар қай елдің азаматтары екені белгісіз.
Билік кемедегі оншақты адамды ауруханаға жеткізді.
Еске сала кетейік, Жапонияда карантинге жіберілген «Diamond Princess» круиз кемесінде 3 700 адам бар.