Қазақстанда өткен тәулікте 22 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде елімізде 880 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп жатыр

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда өткен тәулікте 22 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

27 қазандағы мәлімет бойынша, 880 адам коронавирус инфекциясынан (–734+ және 146 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.