Таразда зейнеткердің коллекциялық монеталарын ұрлаған ер адам қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмысты ұлының досы жасағаны белгілі болды

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл полицейлері 88 жастағы тұрғыннан ұрланған ақша, коллекциялық монеталар мен баянды тауып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тараз қаласының 88 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, коллекциялық монеталар, баян музыкалық аспабы мен 647 000 теңге ақшасының ұрланғанына шағымданған.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 51 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол қарт кісінің ұлының досы болып шықты. Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

«Барлық заттай дәлелдемелер алынып, сараптама тағайындалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаменті.

Тегтер: