Қайғылы оқиға Сырым ауданының Қоңыр ауылында болған
Батыс Қазақстанда облысының Қоңыр ауылында 36 жастағы ер адам өзінің әкесін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 17 қазан күні 75 жастағы әкесі мен 36 жастағы ұлы өз үйінде ішімдік ішкен. Соңында ұлы әкесіне қол жұмсаған.
«Алған жарақатынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.