Ресейде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа штамм «цербер» деп аталады

Фото: ашық дереккөзден

Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-дың «Цербер» деген жаңа нұсқасы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейде COVID-19 вирусының «цербер» нұсқасы тіркелді, деді қызмет басшысы инфекцияның жаңа нұсқаларының одан әрі таралуын жоққа шығармай.

Попова елде бесінші апта қатарынан COVID-19 ауруының азайғанын айтып, Ресейдегі коронавирус инфекциясының жағдайын басқаруға болатынын атады. Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізу жоспарда жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанда да індетке шалдыққандар саны азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамның коронавирус шалдыққаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 11 адам КВИ пневмониясына шалдыққан.