Оның құны 44 млрд долларды құрап отыр
Жер бетіндегі ең бай адам, америкалық бизнесмен және өнертапқыш Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді 28 қазанға дейін аяқтауға мүдделі, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, миллиардер бұл туралы келісімді қаржыландыруға тартылған банкирлермен өткен бейнеконференция барысында мәлімдеді.
13 миллиард доллар несиелік қаржыландыруды ұсынатын банктер соңғы несие келісімін аяқтады. Қазір қол қою процесі болып жатыр. Бұл - қаражатты Маскқа жіберудің алдындағы соңғы қадамдардың бірі.
Еске салайық, осы айдың басында Twitter-ді сатып алу жоспарлары жарияланғаннан кейін алты ай өткен соң, Илон Маск 44 миллиард долларға келісімді аяқтауға дайын екенін айтқан еді.