Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде COVID-19 инфекциясынан 882 адам емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 7 адамның коронавирус пен пневмонияға шалдыққаны жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 11 адам КВИ пенвмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

26 қазандағы мәлімет бойынша, 882 адам коронавирус инфекциясынан (–732+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.