«Медеу» биік таулы кешенінің алаңында Республика күніне орайластырылған «Патриотизм дауысы» акциясы аясында мемлекеттік туды көтеру және Әнұран орындаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, студенттер мен әскери қызметшілер қатысты.
Қала тұрғындары мемлекеттік әнұранды қаланың барлық сегіз ауданында орындады. Мерекелік іс-шаралар жоғары оқу орындары, колледждер мен әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Қыран елім – Қазақстан» флешмобына жалғасты.
Сағат 17:00-де «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Концерттен кейін кешкі сағат 21:30-да мерекелік салют болады.