Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 4 адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік шекараны бұзғандарға қатысты тергеу амалдары басталды

фото: www.gov.kz

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 4 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылғы 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады», - деп көрсетті ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: