АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан халқын жаңадан жарияланған 25 қазандағы Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. АҚШ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығына бейілді екенiн бiлдiредi және келер жылдарда қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға үміттенеміз. Республика күні Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға арналған. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы күш-жігерді ілгерілететін жаһандық диалогтың көшбасшысы болып табылады. АҚШ Қазақстанның реформалық күн тәртібін толықтай қолдайды және оны нақты, айқын әрекеттер арқылы тұтастай жүзеге асыруын қолдайды. Қазақстан Орталық Азия жүрегiндегi бағалы экономикалық және сауда серіктесі болып табылады және біз оның аймақтағы ортақ мақсаттарға жетудегі белсенді рөлін бағалаймыз. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды және біз Қазақстан халқымен 31 жылдық берiк достығымызды мақтан тұтамыз. Біз аймақтағы және одан тыс жерлердегi бейбітшілік, өркендеу және тұрақтылық сияқты ортақ басымдықтарымызды бірге алға ілгерілетуді жалғастырамыз», - деп атап өтілген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.