Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Салтанатты шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.