КВИ-ге шалдыққан 4 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

фото: jambylinfo.kz

Коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy салалық министрлікке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде коронавирустан 910 адам емделіп жатыр. Оның ішінде коронавирус инфекциясынан 749, ал коронавирус пневмониясынан 161 адам ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп көрсетті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Тегтер: