Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді
Ақтөбе облысында қоқыстан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.