Президент сайлауы: Қасым-Жомарт Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізеді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. 

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардың 100-ден астам өтініші келіп түсті.

«Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады. Мұнда біз сенім өкілдермен кездесулер өткіземіз, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдаймыз. Сондай-ақ, мобильді формат болады. Яғни жұртпен кездесу үшін өңірлерге өзіміз барамыз. Ең шалғай елді мекендер қамтылады», – деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева.

Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинайды.

Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.