Бұл туралы Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев хабарлады
Ресейдің Иркутск қаласында әскери ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әскери ұшақ Иркутсктің Ново-Ленино ауданындағы қосқабатты ағаш үйдің үстіне құлаған. Әуе апатынан кейін өрт шығып, 200 шаршы метр аумақты жалын шарпыды.
Ресей ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Су-30 ұшағы апатқа ұшыраған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.