Жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген шабандоздар қатысады
24-25 қазанда Астанада Республика күніне орай ат жарысы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана маңындағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында Республика күніне арналған ат спорты бойынша жарыстар өтеді. Жарыстың басталуы сағат 11:00-де.
Кешен аумағында салынған "Арғымақ" жаңа ат спорты манежінде конкурдан ашық біріншілік өтеді. Бірінші күні іріктеу, ал финал 25 қазанға жоспарланған.
Сонымен қатар, 25 қазан күні сағат 12:00-де Қазанат ат спорты кешенінде бәйге түрлері бойынша жарыстар өтеді. Аламан және тоқ-бәйге бойынша 20 және 14 км қашықтықтағы жарыстарға еліміздің 11 өңірінен 70 шабандоз қатысады.