Президент Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті. Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.